НемАО және ҚӘТА 2017 жылға қорытындысы және 2018 жылға жоспары. 06.02.2018

НемАО және ҚӘТА 2017 жылға қорытындысы және 2018 жылға жоспары.

2017 жылы ҚӘТА және НемАО-да 838 адамның қатысуымен өткізілген 38 семинар Орталықта ұсынылатын білімнің қажеттілігін көрсете алады.

Ауылшаруашылық дақылдарын (күнбағыс, зығыр, ноқат, бұршақ, жасымық және астық) өңдеп өсіру және қорғау стратегиясы бойынша семинарларға қатысушы адамдар саны көп болды. Осы дақылдарды Солтүстік Қазақстан жағдайында өсіріп өңдеу мәселесі бүгінгі күнге маңызды болып табылады. Пікірталастар және семинар қатысушыларының сауалнамалары бойынша өсімдік шаруашылығындағы осы бағыт терең игеруді қажет етеді. Өсімдік шаруашылығындағы мәселелерден басқа, өткен жылы, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерді сүт мал шаруашылығы, сонымен қатар Қазақстанның Солтүстік өңірінің кең егістіктерінде заманауй техникаларды қолайлы пайдалану сұрақтары да  қызықтырды.

Неміс Аграр Орталығы 2018 жылы да өз қызметін жалғастыруда, шетел сарапшыларының жұмысымен қатар, референт және дербес дәріс оқушы ретінде, «Train the Trainer» бағдарламасының аясында дайындалған, жергілікті оқытушы-жаттықтырушының да жұмысы қарқынды пайдаланылады. Өткен  өсімдік өсіру және мал шаруашылығы саласынан  2017жылы сарапшылар қатары үш жаңа маманға көбейді. Осылайша НемАО білікті сарапшыға қажеттілігін өз күшімен қамтамасыз ете алатын тұрақты мекемеге айналуда.

2018 жылдың бірінші жартысына кезекті, дәстүрлі НемАО және ҚӘТА Дала күніне белсенді дайындық көзделеді, осы жылы Дала күні 9 тамызда өткізілу жоспарлануда.


Возврат к списку